«Жаңа форматтағы үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауының аудандық
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылығын дамыту, талантты педагогтерді анықтау, педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу мақсатында «Жаңа форматтағы үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Балтабаева Рима Алсеитовна жүлделі 1 орынға ие болып облыстық кезеңге жолдама алды.