Материалы за 06.05.2022 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65309
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жас Сарбаз» сыныптары мереке ажарын аша түсті
06
май
2022
«Жас Сарбаз» сыныптары мереке ажарын аша түсті
06.05.2022 жылы аудандық мәдениет үйінде  Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 30 жыл толуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекеге арнайы «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің 7-8 «Жас Сарбаз» сыныптары (жетекшілері офицер-тәрбиешілер А.Қ.Есмуратов, Садуов А.А) барды.  Көрермендер назарына әскери флэш-парад ұсынып, көпшіліктің ризашылығына ие болды. 
Тақырыптық тәрбие сағаттары өткізілді
06
май
2022
Тақырыптық тәрбие сағаттары өткізілді
Ұлы жеңісті дәріптеу, оқушылардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін қорғай білуге тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабамыздың ерлік ісін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту және жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу мақсатында  1-11 сыныптарда тақырыптық сынып сағаттары өткізіліп,  «Мың тағзым саған, майдангер» атты кітаптар көрмесі қойылды
Оқушылардың ойлары қағаз бетіне түсірілді
06
май
2022
Оқушылардың ойлары қағаз бетіне түсірілді
Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 30 жыл толуына, Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналып, 1-4 сыныптар оқушыларымен «Біз болашақ ел ұланы» атты суреттер көрмесі мен 5-8 сыныптар арасында «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы жеңіс» қабырға газеттері шығарылып ілінді. Ұмытылмас ерлікті ұлықтайтын болашақ ұрпақтың санасына қайсарлық пен ержүректілікті тәрбиелейтін  қағаздағы тарихтар, бүгінгінің бүкпесіз шынайы ойлары екеніне сеніміміз мол. 
«Патриоттық әндер» сайысы болып өтті...
06
май
2022
«Патриоттық әндер» сайысы болып өтті...
Қазақстан Қарулы күштеріне 30 жыл толуына орай, мектебімізде  9-11 сынып оқушылары арасында «Өскелең ұрпақ үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» атты ұранмен «Патриоттық әндер» сайысы өтті. Тамаша орындаудағы әсем әндерді көрермендерге ұсына білген орындаушылардың жанарларынан нағыз Отанға деген зор ықыласты, сүйіспеншілікті көрдік. Сайыс нәтижесінде сыныптар мен жеке орындаушылар «бағалаушылар» тарапынан мақтау қағаздарымен марпатталып, мерекелерімен
«Абай әндері» сайысынан жүлделі орынға ие болды!
06
май
2022
«Абай әндері» сайысынан жүлделі орынға ие болды!
05.05.2022 жыл күні Жарма аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Абай әндері» сайысы болып өтті. Сайысқа «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің 8 сынып  оқушысы Тұрсын Нұрай қатысып (жетекшісі  Аксакова Б.М), жүлделі І орынды иеленіп, сайыстың облыстық кезеңіне жолдама алды. Жүлделі орын иегерін жеңісімен құттықтаймыз!