"Көтеріңкі көңіл-күй!» акциясын ұйымдастырды
1 сынып оқушылары арасында жазғы мектепте оқушылардың психоэмоционалды әл-ауқаты үшін жағдай жасау мақсатында педагог-психологтар И.Т.Тагиева және М.М. Ибраимова "Көтеріңкі көңіл-күй!» акциясын ұйымдастырды. Акцияның ұраны: "Міне, біз бояуды қолымызға алдық, жалқаулықтан арылдық" Балалар мандалаларды бояп, қағазға ермексазбен жабыстырды. Модельдеу әрқашан балалар үшін қызықты іс. Ермексаз балаларды өзінің ашық түстерімен қызықтырып, жұмыс барысында ойлау қабілеттерін, қиялын дамыта түсті.