“Көңілді старт” спорттық жарысын және «Туған өлкем» сұрақ-жауап
«Шапағат» жазғы мектеп лагерінде тағы бір қызықты да көңілді күн өтті. Тәрбиешілер Мұрат З.Е., Жебраил А.Г. өлкетану күніне арналған “Қалбатау ауылының тарихы” тақырыбында “Көңілді старт” спорттық жарысын және «Туған өлкем» сұрақ-жауап сайысын өткізді. Балалар «Доппен жүгіру», «Нысана», «Боулинг» эстафеталық жарыстарына белсене қатысты. Қорытындысы шығарылған соң барлық топтар мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Балалар эмоционалды әсер мен тамаша көңіл-күй зарядын алды.