А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына іс-шара өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына іс-шара өтті
13
май
2022

А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына іс-шара өтті

Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, дарынды ақын - аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл. Осыған орай «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ кітапханасында «ХХ ғасырдың ұлы жаршысы» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды, сөреге жазушының кітаптары, ғылыми еңбектері, өлеңдері, портреты қойылып, оқырман қауымға Ахмет Байтұрсынұлының ең бірінші қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы болғаны туралы айтылды. Сонымен қатар 5-6 сынып оқушылары үшін «Қазақтың дара тұлғасы» атты көркем сөз оқулары ұйымдастырылып, жазушының өмірбаяны мен шығармашылығын ұлықтайтын мәліметтермен таныстырылды.