Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлігін тапсыру салтанаты өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлігін тапсыру салтанаты өтті
10
июнь
2022

Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлігін тапсыру салтанаты өтті

Еңбегін ел мерейін асыруға жұмсаған ұлдары мен қыздарының даңқын асырған тарихи кезеңдердің айтулы мерекелерінің бірі саналатын куәлік тапсыру кеші «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де маусым айының 10 жұлдызында болып өтті. 

Жыл сайын дәстүрге айналып, осындай мерзімде мектептен 9 жыл білім алған оқушылар мемлекеттік сыннан өтіп, білімдерін саралап, куәлік иесі атанады.

Атаулы мерекеде мектебіміздің директоры Н.М.Садыкова негізгі мектепті бітіруші 77 түлекке ыстық лебізін білдіріп, «Үздік куәлік» иегерлері Асанова Аяжан, Ғазиз Елжас, Абай Аделя, Накалюжный Григорийді ерекше атап өтті.

Ата-аналардың атынан сөз сөйлеген З.Х.Алиева, Л.Аубакирова, А.С.Тажиева, А.А.Нурахметовалар  мектеп пен білім нәрімен сусындатқан  ұстаздарға айтар алғыстарының шексіз екенін жеткізіп, алдағы еңбектеріне толағай табыс тіледі. 

Біз, 9 сыныпты аяқтап, өздерінің білімдерін колледждерде жалғастыратын түлектерге «Ақ жол»  дегіміз келеді. Сәт сапар, түлектер!