Біліммен сусындатқан киелі орда түлектерін қарсы алды. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Біліммен сусындатқан киелі орда түлектерін қарсы алды.
27
июнь
2022

Біліммен сусындатқан киелі орда түлектерін қарсы алды.

2012 жылы мектеп түлектері атанған оқушыларымыз 10 жыл өткеріп,  бастарын қосты. Балалық шақтың бал күндерін еске алып, сүйікті ұстаздарына деген ыстық лебіздерін білдіре келген түлектер арттарынан ерген бауыр-інілеріне тамаша сыйлықтарын да ала келіпті.  Елеп-ескіріле бермейтін баланың ойы мен шешендігін шыңдайтын  шахмат столдары мен ойынның тәртібі жазылған тақтайшалары түлектер атынан тарту етіліп, бүгінде жас таланттар үшін мектеп дәлізіне қойылатын болды. Алғаш есік ашқан оқу сыныптарын, даңқ залын, компьютерлік кабинеттер мен мектеп кітапханасын, асханасын аралап, жаңашыл бастамаларды көріп,  бір марқайып қайтты. Ағымды жөндеу жұмысы білім ордасына жаңа тыныс бергендей деп қуанған түлектерінің көңілдерінде шек болмады. Түлектеріміздің арман-тілектері орындалып,  жаңа заманның  жаңашыл жастары екендіктерін көрген мектеп үшін үлкен мәртебе болды.  Ұшқан ұялары— мектептерін ұмытпай, адамгершіліктері мен сүйіспеншіліктері бірге жүрген түлектерімізге алғысымыз шексіз. Біз Сіздермен мақтанамыз дегіміз келеді.