1 наурыз «Алғыс айту» күні » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
февраль
2018

1 наурыз «Алғыс айту» күні

1 наурыз «Алғыс айту» күні

    23 ақпан күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 1 наурыз Алғыс айту күніне орай, 5-11 сыныптар арасында «Ең үздік Алғыс» сайысы өткізілді. Мектеп директоры Н.М.Садыкова: « Алғыс айту – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні»-, дей келе, мектеп ұжымын және оқушыларды атаулы мерекемен құттықтады. 

    Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн болғандықтан, оқушылар жүректерінен шыққан жылы лебіздерін туған жерге, елге, әке мен анаға, ұстаздар мен достарына арнады.
    Сайыстың соңы айтылған алғыстардың көлеміне емес, жүректен шыққан толғаныстарына қарап қорытындыланды. «Ең үздік Алғыс» жеңімпаздары 10 «Ә» сыныбы ( сынып жетекшісі: Сулейменова Г.Т), 7 «Ә» сыныбы (сынып жетекшісі: Серикқазы Д.Н) , 5 «Ә» сыныптарына 
( сынып жетекшісі: Асхатқызы А.) сайыстың алғыс хаты табысталды
 

1 наурыз «Алғыс айту» күні

 

1 наурыз «Алғыс айту» күні

 

1 наурыз «Алғыс айту» күні