«ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2018» БАЙҚАУЫ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
март
2018

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2018» БАЙҚАУЫ

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2018» БАЙҚАУЫ
      Шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби тұрғыда өз біліктілігін және шығармашылық потенциалын аша алатын, рухани-адамгершілік қасиеті бар, ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгерген ұстаздарды анықтау мақсатында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 2018 жылдың 3-наурыз күні «ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2018» байқауы өткізілді. Байқауға әр әдістемелік бірлестіктен еңбек өтілі 3 жылдан жоғары, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер қатысты. Байқау 2 кезеңде өткізілді. Байқаудың І сырттай кезеңінде мұғалімдер портфолио мен «Білім берудегі менің инновациям» тақырыбында пән бойынша 20 минуттық бейне – сабақ жазбасын ұсынды. Байқаудың ІІ кезеңі мектептің акт залында өткізілді. І бөлімде қатысушылар «Менің педагогикалық ұстанымым» тақырыбында өздерінің таныстыруын қорғады. Байқаудың келесі бөлімінде мұғалімдер педагогикалық жағдаяттарды шешті. Байқаудық қорытындысы бойынша физика пәні мұғалімі Айбекқызы Ақсұңқар – «Зерттеуші ұстаз» номинациясымен, бастауыш сынып мұғалімі М.М. Садыкова – «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен, тарих пәні мұғалімі С.К.Аязбаева – «Эрудит ұстаз» номинациясымен марапатталса, жүлделі ІІІ орынды кіші орталық тәрбиешісі А.М.Кусаинова иленді, ІІ орынды бастауыш сынып мұғалімі Р.А.Балтабаева иеленді, І орынды қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Ж.Кошербаева иеленіп, бас жүлде «Үздік педагог - 2018» атағына ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.К.Жуаспаева ие болды.