1 мамыр – Бірлік, Ынтымақ күні » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
май
2018

1 мамыр – Бірлік, Ынтымақ күні

     1 мамыр – Қазақстан халық­тарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. 
    Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау табылады. 
    «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де бірлік күніне орай 1-4 сыныптар арасында «Бірлігіміз жарасқан», 5-10 сыныптар арасында «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» атты халықтар фестивальі болып өтті. Сыныптар атаулы мерекеге тың дайындықпен келіп, өз өнерлерін ортаға салды. Әр ұлттың салт-дәстүрі насихатталып, әндері мен билері, ұлттық тағамдары дайындалып, орындалды. 
    Фестивальдің құрметті қонақтары болған Т.Н. Пяткова, Квач М.М, Тагиева И.Т мерекеге орай ақ тілектерін айтып, оқушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, ұлыс демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешуге шақырды. 
    Халықтар бірлігін ту еткен зайырлы мемлекетіміздің атаулы мерекесін әр жыл сайын тойлату біздің міндетіміз деп білеміз. 
 

1 мамыр – Бірлік, Ынтымақ күні

 

1 мамыр – Бірлік, Ынтымақ күні

 

1 мамыр – Бірлік, Ынтымақ күні

 

1 мамыр – Бірлік, Ынтымақ күні