Аудан әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Аудан әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі
18
май
2018

Аудан әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» бағыты бойынша аудан әкімінің білім, өнер, спорт саласындағы жоғарғы жетістіктерге қол жеткізіп жүрген дарынды оқушылармен кездесуі білім бөлімінің жоспарына сәйкес Георгиевка орта мектебінің базасында өтті.
Мақсаты: талантты жас дарындарымызды қоғамға таныту, дарынын ұштау, жігерлендіру, дамыту, дәріптеу. Георгиевка орта мектебінің фойесінде домбырашылар ансамблі құрметті қонақтарды әдемі күймен қарсы алып, «Робототехника – болашақтың бағдары» көрмесі ұйымдастырылды. Кездесуге 70 оқушы және құрметті қонақтар ардагер ұстаздар Р.Сарсенбаева, Н.Есполов қатысты. Аталған шарада аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп Н.Б.Сыдықов білім, өнер, спорт саласында ерекше көзге түскен 13 оқушыны алғыс хатпен марапаттап, дарынды оқушыларға бағалы сыйлықтар тапсырды. Кездесуде Жаңғызтөбе орта мектебінің 11 сынып оқушысы Д.Мейрамбекова аудан әкімі Н.Б. Сыдықовқа барлық қатысушы оқушылар атынан тілек білдіріп, бүгінгі жас жеткіншек ауданның абыройын асқақтатар өршіл, білімді азамат болып, өздеріне білдірген сенімді ақтайтындарын айтып, дарынды оқушылар атынан ақжелкенді кеме сыйға тартты. Кездесуде өнер, шығармашылық байқауларында танылып жүрген өнерпаз оқушылар өз өнерлерін ұсынып, жырдан шашу шашты.
 

Аудан әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі

 

Аудан әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі

 

Аудан әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі