«Қауіпсіз жол» республикалық акциясы » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қауіпсіз жол» республикалық акциясы
26
сентябрь
2018

«Қауіпсіз жол» республикалық акциясы

2018 жылғы 20 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы кең ауқымда аталып өтті.
Акциясының мақсаты білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оқу орындарында қауіпсіздік шараларын жетілдіру болды.
Ең алдымен акцияның жоспары құрылып, таныстырылды. Акцияға жұмылдырылғандардың басты назары жол қозғалысы ережелерін білуге, балалардың әртүрлі жағдайдағы қауіпсіз мінез-құлықтары, салауатты өмір салты және ата-аналардың өз балалары үшін жауапкершілігіне, отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайларын болдырмауға аударылды.
Республикалық акция барысы жайында ата-аналарға (ата-аналар жиналыстарында, WhatsApp арқылы) мағлұмат беріліп, оқушылары арасында қауіпсіздік сабақтары жүргізілді. Қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану бастауыш сынып оқушылары арасында аса қажет болғандықтан, көптеген жағдаяттар балаларға сурет тілінде бейнеленіп, бүлдіршіндер тарапынан «Қауіпсіздік кемпірқосағы» суреттер сайысымен қорытындыланды.
5 сынып оқушылары арасында «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында Жарма аудандық жол полициясы автоинспекторі, полиция лейтенанты Кәрім Бақытжан Мұратұлымен кездесу өткізіліп, кездесу нәтижесінде оқушылар мектеп пен үй арасындағы жолдар, ондағы қауіпсіздік белгілері туралы ойларын ортаға салып, білімдерін кеңейте түсті.
6-11 сынып оқушыларымен қауіпсіздік сабақтары («101 номерін әр азамат білу міндетті», «Жол ережесін есте сақтайық», «Көшедегі қауіпсіздік» т.б) өткізілді.
Акцияның салтанатты жабылуы «Өмір тамаша!» флешмобымен ұштастырылып, есте қаларлықтай әсем бимен өрнектелді.
 

«Қауіпсіз жол» республикалық акциясы

 

«Қауіпсіз жол» республикалық акциясы

 

«Қауіпсіз жол» республикалық акциясы

 

«Қауіпсіз жол» республикалық акциясы