Күзгі жәрмеңке » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
октябрь
2018

Күзгі жәрмеңке

Күзгі жәрмеңке[center][/center]

Қыркүйек айының 26-27 жұлдызында мектебімізде 1-11 сыныптар арасында «Күзгі жәрмеңке» ұйымдастырылды. Жәрмеңке ұйымдастырудағы мақсат оқушыларды еңбекке, ұйымшылдыққа, бастамашылыққа, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу болды. Жәрмеңкені директордың тәрбие іс-жөніндегі орынбасары И.С.Сагимбаев ашып, сыныптарға сәттілік тіледі. Атаулы іс-шарадан ата-аналар да тыс қалмады. Өз тараптарынан демеушілік жасап, ақыл-кеңес беріп, жәрмеңкенің жоғары дәрежеде өтуіне ықпал етті. Оқушылардың еңбектерімен жасалған тағам түрлері, жеміс-жидектер мен сан-алуан қол өнер бұйымдары да сатылымнан өз орындарын тапты.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады демекші, жәрмеңке соңында оқушылар ұйымдастырылған іс-шарадан үлкен әсер алғандарын білдіріп жатты. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады.
Жәрмеңке соңында әр сыныптың жасаған жұмыстарына баға беріліп, мектеп әкімшілігі тарапынан марапаттармен мадақталды.
 

Күзгі жәрмеңке

 

Күзгі жәрмеңке

 

Күзгі жәрмеңке