Обыр ауруының алдын алу мақсатындағы іс- шара. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Обыр ауруының алдын алу мақсатындағы іс- шара.
22
октябрь
2018

Обыр ауруының алдын алу мақсатындағы іс- шара.

Обыр ауруының алдын алу мақсатындағы іс- шара.
Дүние жүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні- дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен, халықаралық қатерлі ісікке қарсы одақтың бастамасымен 2005 жылғы 4 ақпаннан жыл сайын атап өтілуде.
Осыған орай, 17 қазан күні Жарма аудандық орталық ауруханасының маман дәрігерлерінің бастамасымен, халықтың және жұмыс берушілердің назарын осы ауқымды мәселеге аудару, біздің уақытымызда қатерлі ісік ауруларының қаншалықты қатерлі және кең таралғандығын ескерту, қатерлі ісікті ерте анықтау және уақтылы емдеу қажеттілігі, профилактикалық шаралар туралы «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің әйелдер ұжымы және 9-11 сынып қыз балаларының арасында «Ескерту-түзетуден оңай» атты тақырыпта түсініктеме семинары болып өтті. Семинар өткізуге аудандық аурухананың онколог-мамолог дәрігері Рахимжанов Е.Қ, қатерлі ісіктің алдын алу және психологиялық көмек көрсету кабинетінің дәрігері Ибраева Н.Б келіп, обыр ауруының ерте кезден алдын алу жолдары мен аурудан сақтану туралы көптеген мәліметтер беріп өтті. Сонымен қатар, көпшілік назарына «Біз обыр ауруы жайлы не білеміз?» презентациясы ұсынылып, ақпараттық-ағарту материалдар таратылды.(«Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді», «Өз денсаулығыңыз туралы қамданыңыз», «Өз сүт бездеріңді тексер» жаднамалары, «Сіз қатерлі ісік туралы не біліуіңіз тиіс» кітапшасы)
Семинарға қатысушылар берілген ақпараттардың құндылығын айтып өтіп, семинарды өткізуші дәрігер мамандарға алғыстарын білдірді.