Алтын күз мерекесі » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
октябрь
2018

Алтын күз мерекесі

Алтын күз мерекесі
Көптен сағындырған «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті....
Қазан айының 19 жұлдызында мектебімізде 8-11 сынып оқушыларының «Алтын күз» мерекесі атап өтілді. Іс-шараның ұйымдастырушылары 10 «Ә» сыныбы (сынып жетекшісі Қадылбек Нұржан) болды. Әдемі безендірілген сахнаның төрінен сыныптардың қолдарынан шыққан қолөнер туындылары орын алса, қолданыстағы бар заттардан тігілген сән үлгілері бірінен –бірі өтіп, әділқазылардың көңілінен шығып жатты. Ұйымдастырушылар тарапынан берілген тапсырмаларға әр сынып үлкен жауапкершілік танытып, сайысты қыздыра түсті.
Әсем әннің әуенінде би билеген «Ханзада мен Ханшайым» мерекенің нүктесін қойды. Сайыс соңында «Бас жүлде» 10 «Ә» сыныбы, І орын 8 «Ә» еншіледі.