Қайырымдылық- адамгершілік белгісі » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қайырымдылық- адамгершілік белгісі
09
ноябрь
2018

Қайырымдылық- адамгершілік белгісі

Қайырымдылық- адамгершілік белгісі

 

Қайырымдылық- адамгершілік белгісі

 

Қайырымдылық- адамгершілік белгісі

 

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.
2017-2018 оқу жылынан «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де «Қамқор жүректер» клубы жұмыс жасайды. Мақсаты: Әлеуметтік көмекке мұқтаж аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және басқа (үйде оқып, білім алатын) санаттағы балаларға көмек көрсету, қамқорлық концерттерін ұйымдастыру, әлеуметтік қолдау көрсету орталықтарымен тығыз байланыста болу.
Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар клуб мүшелерімен ғана емес, сонымен қатар, оқушылар, мұғалімдер және ата-аналардың қатысуымен дәстүрге айналған қолдау мен риясыз көмектің арқасында іске асатын ауқымды жұмыстар саналады. Атап өтсек, былтырғы оқу жылында Семей қаласының «№4 нашар еститін мектеп -интернаты» КММ-не клуб мүшелері қолдарынан шыққан қолөнерлер бұйымдарын сыйға тартып, тәттілер апарып, концерттік бағдарламасын қойып қайтқан болатын.
Біздің балаларымыз жақсылық жасауға жандары құмар. Қазан айының 26 жұлдызында мектебімізде өткен «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» пилоттық жобасын жүзеге асыру республикалық семинарда клуб «Қуаныш пен күлкі силау» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Шараға 45 оқушы, 15 мектеп мұғалімі, 15 ата-ана қатысып, аудандық әлеуметтік қолдау көрсету орталығының тәрбиеленушілері қонаққа келді. Сонымен қатар, үйден білім алатын оқушыларымыз да шарадан тыс қалмады.
Мерекені ұйымдастыруда балалар мен үлкендердің, демеушілеріміздің бірлескен жұмыстары оң нәтиже беріп, келуші қонақтар мен семинарға қатысушылардың ойларынан шықты. Түрлі ойындар, ән шашулар мен әзілдер тақырыпқа сай жасалып, келуші қонақтар тарапынан ән шырқалды. Имбаева Қ.М жетекшілігімен қойылған «Шабыттану» би тобының «Көтеріңкі көңіл күй» шығармасы мереке ажарын аша түсті.
Шараны ұйымдастыруда үлкен көмек қолын ұсынған демеушілеріміз: Бейсембаев Қ.А, Букуров М.А, Чуленов Н.К, Хантарбай Б, Кушибеков А.М, Аплакиди Л.П Жетенова Г.А, Бопенова К.О, Садыкова Ж.С және 10 «Б» сынып оқушыларына айтар алғысымыз шексіз.
«Жақсылықты алыстан іздемелік, жүректен тап бақытты!» - деп ақындарымыз айтқандай, бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын! Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту - барлық азаматтың борышы.
Ендеше, болашағымыз бақытты болсын десек, бір бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямалық ағайын!