«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігі жалғасын табуда » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігі жалғасын табуда
14
ноябрь
2018

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігі жалғасын табуда

      Қараша айының 12-ші жұлдызынан мектебімізде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігі бастау алды.
Онкүндіктің мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айтып, түсіндіру. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету болды.
     Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық- адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау-конституциялық заңдылықтың басты талабы болғандықтан, жоғары сынып оқушылары арасында «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» тақырыбында эссе жазу сайысы өтіп, оқушыларымыз мектеп тарапынан марапаттауларға ие болды. Сонымен қатар, мектебімізде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында мектеп психологтері мен Жарма аудандық КПБ жедел уәкілі, полиция лейтенанты Токтамысов Ш, аға инспекторі Акимбаева А.М 8-11 сыныптармен кездесу жасап, өз баяндамасында басты назар отбасындағы зорлық, зомбылықтардың алдын алу, болған жағдайдағы көмек қолын ұсыну жолдарын айтып өтсе, мектеп психологі Тагиева И.Т «13-14 жас аралығындағы оқушылардың отбасындағы мінез-құлық тәрбиесі» атты баяндама оқып, артынша оқушылардан сауалнама алынды. Оқушылар өз кезегінде жекелеме сұрақтар қойып, тиісті жауаптар қайтарылды.
«Түнгі қаладағы балалар» рейдтерін ұйымдастыруда мектеп психологтері мен ұжым жастары көмек қолдарын ұсынса, «Парасат» ұйымы мен мектеп психологі Ибраимова М.М «Ата-аналар бұл сіздер үшін» жаднама парақшаларын келуші ата-аналарға тарату жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде сынып жетекшілер Whatsapp желісінен «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермейік» атты жаднамаларды ата-аналарға таратып, онкүндік жайлы мағлұмат берді.
       Зорлық зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі адамзат әлеуетіне қажеттігі де туындап отырғандығын ескерсек, мектебімізде бастау алған онкүндік алдағы уақытта өз жұмысын жалғастыра беретініне сенімдіміз.