КММ "Маяковский атындағы орта мектебі" 19.11.2018 - 23.11.2018 ж. күндері аралығында қазақ бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » КММ "Маяковский атындағы орта мектебі" 19.11.2018 - 23.11.2018 ж. күндері аралығында қазақ бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті.
28
ноябрь
2018

КММ "Маяковский атындағы орта мектебі" 19.11.2018 - 23.11.2018 ж. күндері аралығында қазақ бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті.

Барлық іс-шаралар жоспарланған және бекітілген жұмыс жоспары бойынша "Ертеңгі болашақ-бүгінгі білімді ұрпақ" тақырыбы аясында өткізілді.
Апталықта Нурмухаметова Ж.Д. 2 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Хабарлы сөйлем», Толегетаева А.Т. 1 «Ә» сыныбында сауат ашу пәнінен «Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі», Есентаева К.Т. 1 «Б» сыныбында математика пәнінен «Қосудың ауыстырымдылық қасиеті», Имашева А.М. 1 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Адамның дене мүшелері», Асаубаева Г.А. 3 «А» сыныбында дүниетану пәнінен «Спорт денсаулық кепілі», Аскап Р.Е. 2 «А» сыныбында дүниетану пәнінен «Мектеп ережелері» ашық сабақтар өткізсе, Касенова З.Д. 3 «Ә» сыныбында «Бала тәрбиесінің алтын қазығы» тақырыбында өзін-өзі танумен кіріктірілген ашық тәрбие сағатын өткізді;
Бастауыш сынып апталығында барлық мұғалімдер жоспарлаған сабақтарын аса жауапкершілікпен өткізіп, өздерінің шығармашылық кәсібиліктерін көрсетті.
Әрбір өткізілген сабақтан көрсеткендей бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдері жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың барлық әдіс – тәсілдерін көрсетіп, өзін-өзі тану пәнімен кіріктірілген сабақтарында мақсатқа жету үшін тапсырмаларын шебер таңдаған.
Барлық сабақтарда критериалды бағалаудың түрлері жүргізілді. Сабақтар әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрастырылып, әр өткізілген сабақтың оқыту мақсаттарына қол жеткізілді. Келешекте зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін әр мұғалімге әдістемелік ұсыныстар берілді.
Сабақтарында тәрбиеге үлкен көңіл бөлінді; оқушылар топпен жұмыс жасады, жекелеме жұмыстар, жұппен жұмыс түрлерін де көрсетті.
Жалпы әдістемелік апталықта өткізілген сабақтар мен іс-шаралар өте жоғары деңгейде өтті.