16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
декабрь
2018

16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ бойынша өткізілген іс-шаралар: аталған мерекеге 2018 жылдың 8 желтоқсан күні 7-8 сыныптар арасында спорттық сайысымен басталды, аталған іс-шара қорытындысы бойынша барлық жүлдегерлер мен жеңімпаз грамоталарымен марапатталып, 12 желтоқсан күні үйден білім алатын оқушыларға құттықтау жолданды. 13 желтоқсан күні аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Д.Сахариеваның қатысуымен «Жас Ұлан», «Жас Қыран» республикалық жасөспірімдер ұйымына мектебіміздің 2- 5-6 сынып оқушылары (140 оқушы) салтанатты түрде ант қабылдап, ұйымға мүше болды. 10-14 желтоқсан аралығында 1-11 сыныптарда «Тәуелсіз елім, ұлы өлкем» атты тәрбие сағаттары, сонымен қатар оқушыларға, ата-аналарға «Қазақстанның ең басты байлығы Тәуелсіздік» тақырыбында бейнефильмдер көрсетілді және мектеп кітапханашыларымен «Егеменді елдігім-Тәуелсіздік теңдігім» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
13 желтоқсан күні «Тәуелсіз елім-Қазақстан» мерекелік тізіліс өтіп, мектеп өміріне белсенді қатысқан оқушыларға мектеп әкімшілігі атынан алғыс хаттармен марапатталды.
14 желтоқсан күні ағылшын, орыс және қазақ тілі пәндері мұғалімдерінің ұйымдастырыумен «Тәуелсіздік тұғырымы берік болсын» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізіліп, барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздар мадақтамаларымен марапатталды, сонымен қатар, 3-11 сыныптар қатысқан «Мәңгілік елім-Қазақтан!» атты мерекелік концерт өткізілді. Концерт бағдарламасы бойынша «Тұмар» би тобының мерекелік флешмобы, «Тәуелсізбін, егеменмін, еркінмін» тақырыбында «Өнер әлемі шақырады» үйірмесінің көрінісі және оқушылармен мектеп мұғалімдерінің орындаған әндерімен концерт жалғастысын тапты. Іс-шараның сонында мектеп директоры Н.М.Садыкова мектеп дамуына зор үлес қосқан мұғалімдерді алғыс хаттармен марапаттады.
Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоғары дәрежеде өтті.