Даңқ бөлмесінде "Ашық есік" күні » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
январь
2019

Даңқ бөлмесінде "Ашық есік" күні

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Туған жеріңді танып біл» тақырыбында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің «Даңқ» бөлмесінде «Ашық есік» күні өткізілді.

Іс –шара мақсаты: Өлкетануды, туған ауылымыздың тарихи-өркениеттік мұрасын ұғындыру, дәріптеу. Оқушылардың бойына белсенді азаматтық ұстанымды, өз өлкесінің болашағына жауапкершілікті қалыптастыру.

Жоғарыда айтылған мақсатты басшылыққа ала отырып, «Георгиевка орта мектебі» КММ –нің оқушыларына 9 «Ә» сынып оқушылары Сейтқанова Шұғыла, Ақзамова Дания, Құмарбек Аяулым «Даңқ» бөлмесін таныстырып өтті. Аталған оқушылар жерлес Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлерінің ерліктері жайлы баяндап, мектеп тарихымен таныстырды. Келген қонақтар туған өлке тарихынан сусындап, ерекше әсерде болды. Бұл шара жас ұрпақтың аға буынмен сабақтастығын арттырары сөзсіз.