Шын жүректен... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
январь
2019

Шын жүректен...

Шын жүректен...

Қаңтар айының 10 жұлдызынан  бастау алған республикалық қайырымдылық акциясы «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де  қызу жұмысын бастап кетті.

Қайырымдылық ісіңнен көрінеді,- дейді қазақ. Қайырымдылық - асыл қасиет. Соңғы жылдары елімізде түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандар саны артып келеді. Солардың бірі «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің «Шын жүректен» қайырымдылық клубы. Клуб мүшелері қаңтардың 22 күні «Ардагерлерге көмектесейік» акциясы аясында тимуршылар тобы Ұлы Отан соғысының ардагері Загидуллин Наил Гашигуловичтің үйінде болып, көмек қолын ұсынған болатын. Қарт ардагердің оқушыларға соғыс жылдарында болған оқиғаларды, фото суреттерді көрсетіп, оқушыларға алғысын білдірді. Оқушылар ардагерді қызығушылықпен тыңдап, ерен еңбегіне бас иіп, рахмет айтты.  

Өмірінен үзінді келтіре білетін, ұлы тарихтың тұлғалары- ардагерлеріміз аман болсын демекпіз!