Республикалық «Қамқорлық акциясы» бойынша атқарылған іс-шаралар » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Республикалық «Қамқорлық акциясы» бойынша атқарылған іс-шаралар
13
февраль
2019

Республикалық «Қамқорлық акциясы» бойынша атқарылған іс-шаралар

Республикалық «Қамқорлық акциясы» бойынша атқарылған іс-шаралар
10.01-10.02. 2019 ж. аралығында бастау алған республикалық «Қамқорлық акциясы» «Үштік Одақтың» ( отбасы, мектеп, бала) бірлескен жұмыстары нәтижесінде өз мәресіне жетті.
Қамқорлық акциясына қол ұшын беріп, көмектесемін деген адамдар азық-түлік, киім-кешектей көмек ұсынса, мектептің «Тимуршылар» командасы қарт адамдардың ауласын тазалап, сыртқы жұмыстарды атқарды. Жалпы мектептің аз қамтылған 48 оқушысына киім-кешек берілсе, 8 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді.
Мектеп мұғалімдері, оқушылар, сыныптар, сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер Ордабаева Б. өз кезегінде 88 200 тг. (киім-кешек, азық түлік), ауған соғысы ардагерлері тарапынан көпбалалы отбасы Есеновтарға 10 000 тг ( азық-түлік), жеке кәсіпкер Аксакова көлемі 124 300 тг ( аяқ киім, куртка) көлемінде көмек жасап аз қамтылған отбасыларды қуантып тастады. Акция нәтижесінде 276 850 тг. құрайтын көмек жиналып, таратылып берілді.