1 наурыз –Алғыс айту күні » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
февраль
2019

1 наурыз –Алғыс айту күні

Алғыс айту күні – ол, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. 

Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Осы орайда «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де мерекеге байланысты  іс-шаралар жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, мектеп оқушыларының  жүректеріне тереңінен із қалдырды десек артық айтпаймыз. 

Мектебімізде  «Тимуршылар» командасының жұмысы алғыс айту күнінде  «Қамқорлығымыз қарттарымызға арналады» акциясымен өз жалғасын тауып, тағы бір мәрте ақ жаулықты аналарымыздың ауыз толтыра айтар мақтаныштарына айналды. 

«Шығыс Ұландары» 5-7 сыныптар, дене шынықтыру мұғалімдері және ата-аналармен біріккен түрде  «Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мың тағзым» тақырыбымен  «Зарница» әскери ойыны өткізіп,  көпшілік  назарына ұсынылды. 1-11сыныптарда «Алғыс айту парызым», «Рахмет, саған туған ел», «Алғыста шек болмайды» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтіп, мектебіміздің   «Мультимедиялық журналистика» мүшесі Сейтханова Ш. оқушылармен жекелеме сұқбат жүргізіп, видеотүсірілімдері  таңғы мектеп эфиріне шығарылды. Би жетекшісі Қ.Имбаева 5-11 сынып оқушыларымен «Алғысымыз шексіз!...» ұранымен флешмоб ұйымдастырса, «Парасат» ұйымы мүшелерінің алғыстар бұрышы мерекенің әрін кіргізе түсті.  27.02 күні  сыныптар арасында «Ең үздік Алғыстар» сайысы өткізіліп, оқушылар Отанға, туған елге, жерге, Аналар мен Әкелерге, ұстаздарға алғыстарын шын жүректен жеткізіп жатты. 

Іс-шара соңы «Көктем шақырады» атты мерекелік бағдарламамен жалғасын тапты.

Әр күн сайын бір –бірімізге  алғыс айтамыз, ендеше, алғыс айтудан жалықпайық ағайын!