Соңғы қоңырау мерекесі өтті. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2019

Соңғы қоңырау мерекесі өтті.

2019 жылдың 25 мамырында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де Жарма ауданының әкімі Нұрғожин Ахметқали Ахашұлы, Жарма аудандық маслихатының хатшысы Сахметжанова Айгуль Жансаповна, Жарма аудандық білім бөлімінің басшысы Шаймұратов Қанат Рымханович және мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Садыкова Жанна Турсынбековнанң қатысуымен Соңғы қоңырау мерекесі өтті. Аудан әкімі Нұрғожин Ахметқали Ахашұлы жиылған қауымды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, мектеп бітірушілерге ізгі ниетін білдірді. Түлектер атынан «Алтын белгіге» үміткер Шынтаева Нұрбақыт ұстаздарына, ата- аналарына алғыс білдіріп, сыныптастарына ақ жол тіледі. Айтказина Сымбат пен Маралбаева Аяжанның орындауында «Қош бол, мектебім» әнің тамашалап, барлық түлектер «Қоштасу мектеп вальсін» биледі. Жиын соңында 48 жас түлек соңғы қоңырау соғып мектеп қабырғасындағы соңғы тәрбие сағатына шақырылды.