9 мамыр Жеңіс күні » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
май
2019

9 мамыр Жеңіс күні

Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерейтойына орай «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де іс-шаралар жоспары жасалып, бірқатар істер атқаралды. 8 мамыр күні «Отан үшін от кешкен ерлердің ерлігі ұмытылмайды» тақырыбында салтанатты тізіліс болып, тізілісте мектеп директоры Н.М.Садыкова жас буынға аталарымыз бен аталарымыздың жасаған ерліктері жайлы айтып өтті. Қаза тапқандардың рухына бас иіп, бір минуттық үнсіздік жарияланса, «Жас сарбаздар» сыныптарының салған әндері тізіліс мәнін аша түсті. Әр отбасының соғыста қаза болған ардагерлеріміздің фотосуреттерімен оқушылармыз «Бессмертный полк» қатарын толықтары.
8-10 сыныптар арасында «Поклонимся и мертвым и живым!» , «Отан үшін от кешкен ерлердің ерлігі ұмытылмайды» эсселер сайысы өткізілсе, 1-7 сынып оқушыларын мектептің Даңқ бөлмесіне экскурсия жасалды.
8-11 сынып оқушыларынан жасақталған « Тимуршылар» командасы бұл атаулы күнде қарт адамдардың үйлеріне барып, қолғабыс тигізді. 7-10 сынып оқушылары мектебіміздің АӘД мұғалімі Квач М.М бастамасымен мектеп
алдындағы обелискке «Естелік вахтасын» тұрғызылды.
Ауданымызда өткізілген салтанатты шеруде 10-11 сынып оқушыларынан жасақталған «қорап» шықса, 5-7 «Жас сарбаздар» сыныптарының жоғары дәрежедегі дайындықты ( жетекшілері офицер- тәрбиешілер Ж.Қабақов, А.Есмуратов, сержант-тәрбиеші А.Садуов) флеш-парады көрсетіліп, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Орталық саябақтағы ескерткіш жанынына гүлшоқтары қойылып, жеңіс ардагерлеріне тағзым етілді.
Ерлік ешқашан да ұмытылмайды, Отан үшін жан қиған азаматтар мен азаматшалар рухына бас иеміз, олардың есімі ешқашан да ұмытылмақ емес деп, өскелең ұрпақ өз партиоттықтарын алға қояды.