1 маусым- Балаларды қорғау күні аталып өтілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1 маусым- Балаларды қорғау күні аталып өтілді
01
июнь
2019

1 маусым- Балаларды қорғау күні аталып өтілді

1 маусым- Балаларды қорғау күні аталып өтілді
Балалар қорғауының халықаралық күні – бұл, алдымен, балалар өмірі құқықтарын, пікір бостандығын, білім алу, дем алу мен бос уақыт, денелік және психологияқ жәбірлеуден қорғау, балалар еңбегінің эксплуатациясынан қорғау құқықтарын сақтау қажеттігі туралы, адамгершілікті және әділ қоғам қалыптасуының қажетті жағдайлары ретінде үлкендерге ескерту болып табылады.
Осы атаулы мерекеге орай «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де «Бақытты елдің бақытты балалары» атты бүлдіршіндерге арналған мерекелік іс – шара ұйымдастырылды. Мереке «Шабыт шеруінен» бастау алды. Салтанаттың алғашқы сөзі мектеп директоры Н.М.Садыковаға беріліп, қатысушыларды мерекемен құттықтап, осы оқу жылындағы білімнің шыңынан көрінген оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады.
Мерекенің көркін әсем ән мен «Тұлпар» би топтарының өнерлері аша түсті. 
Мектептің спорт алаңында дене шынықтыру пәні мұғалімдері 1-4 сыныптарға арналып «Көңілді старт» эстафеталық ойыны, 5-6 сынып оқушыларымен «Пионербол» спорттық сайысы, тәрбиеші – офицерлер А.Есмуратов пен А.Садуов 4-6 сынып оқушыларына пневматикалық мылтықтан оқ атудан сайыс өткізді.
«Асфальтта сурет салу байқауы» сайысында бүлдіршіндеріміз ойындағы қиялдарын сурет арқылы асфальт бетіне түсіруге мүмкіндік алды. 
Демеушілеріміз М. Турсынгазина, ата-ана Г.Омарова және мектеп мұғалімдерінің ұйымдастыруларымен мерекеге келушілерге балмұздақ, тәттілер таратылып, балаларымыздың қуаныштарында шек болмады. 
Мереке соңы сайыстар нәтижесінде жақсы нәтиже көрсеткен сайыскерлерімізді мақтау, мадақтаумен аяқталды. 
Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру дегіміз келеді.