Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлігін тапсыру
Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлігін тапсыру
Еңбегін ел мерейін асыруға жұмсаған ұлдары мен қыздарының даңқын асырған тарихи кезеңдердің айтулы мерекелерінің бірі саналатын куәлік тапсыру кеші «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де маусым айының 10 жұлдызында болып өтті.
Жыл сайын дәстүрге айналып, осындай мерзімде мектептен 9 жыл білім алған оқушылар мемлекеттік сыннан өтіп, білімдерін саралап, куәлік иесі атанады.
Атаулы мерекеде мектебіміздің директоры Н.М.Садыкова негізгі мектепті бітіруші 50 түлекке ыстық лебізін білдіріп, «Үздік куәлік» иегерлері Айдаболов Е.Е, Сейтханова Ш.С, Абылайхан Ә.С, Ақзамова Д.Д, Құмарбек А, Каниева М.Н-ды ерекше атап өтті.
Ата-аналардың атынан сөз сөйлеген Ақзамов Д.Т, С.Б.Оралбаева, Г.Ж.Байдельдиновалар мектеп пен білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға айтар алғыстарының шексіз екенін жеткізіп, алдағы еңбектеріне толағай табыс тіледі.
Біз, 9 сыныпты аяқтап, өздерінің білімдерін колледждерде жалғастыратын түлектерге «Ақ жол» дегіміз келеді. Сәт сапар, түлектерІ