Республикалық өзін-өзі тану пәні олимпиадасының облыстық кезеңі өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Республикалық өзін-өзі тану пәні олимпиадасының облыстық кезеңі өтті
30
сентябрь
2019

Республикалық өзін-өзі тану пәні олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

2019 жылдың 28 қыркүйегінде дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 7-9 сынып оқушыларына арналған республикалық өзін-өзі тану пәні олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиада Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларға арналған Өскемен қаласындағы физика, математика және информатика саласында мамандандырылған мектеп-лицейінде» өтті.
 Шараның мақсаты – құндылық бағдарларды қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын мадақтау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау оларға рухани-адамгершілік білім беру.
 Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудан/қаладан, облыстық мамандандырылған мектептерден 27 команда қатысты. Әлеуметтік жобаларды қорғау үшін балалар үлкен жауапкершілікке ие болды және қазылар алқасына мейірімділік, жауаптылық, құндылықтар, патриотизм, сүйіспеншілік және т.б. ұстанымдарын көрсетті..

Жарма аудан атынан  біздін мектеп оқушылары қатысты: Садыков Темирлан 8 «Ә» сынып оқушысы, Бритнер Алена 9 «Б» сыны оқушысы және Койчубаева Ариель 7 «В» сынып оқушысы.

Нәтижесінде ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.