3 қазан республика өңірінде біріңғай «ЭКОСАҒАТ» акциясы бастама алды » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 3 қазан республика өңірінде біріңғай «ЭКОСАҒАТ» акциясы бастама алды
03
октябрь
2019

3 қазан республика өңірінде біріңғай «ЭКОСАҒАТ» акциясы бастама алды

3 қазан  республика өңірінде біріңғай «ЭКОСАҒАТ» акциясы 

бастама алды.


 Табиғат тіршіліктің  құт - берекесі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек. Осы қағидаттарды   еске ұстай отырып,  қазан айының 3 жұлдызында  мектебіміз републикалық «Экосағат» акциясына бір кісідей   жұмылып, атап өтті. Сыныптарда   табиғатты қорғау мәселесі бойынша   әртүрлі тақырыптар таңдалып,  акцияны  ашық та, жарқын,  маңызды да, мәнді етіп өткізуде  алдарына жан салмады.  

Табиғат - ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы екенін естен шығармай,   оқушылар  жүрекжарды ойларын  ортаға салып,   құнды деп тапқан  ортақ  мәселені бірлесе шешуге тырысты. 

Әртүрлі тақырыпта дайындалған  бейнероликтердің, фотосуреттердің, шығармалар  мен  оқушылар дайындаған эсселер де көпшілікті ойландырмай қоймады. 

Экосағаттың шешуі сәті- "Бір тал кессең, он тал ек» демекші, оқушылар мен  ұстаздардың   мектеп ауласына  еккен тал шыбықтарды отырғызу болып табылды.  

Біз бұл акцияның  үлкен істің –ірі бастамасы екенін білеміз, біз- болашағымыздың  сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол ТАБИҒАТЫМЫЗДЫҢ   бір бөлшегі  ретінде  аялай да қорғай білетін жастары екенімізге кәміл сенеміз!