ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ ІС-ШАРА «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ ІС-ШАРА «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» өтті
06
ноябрь
2019

ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ ІС-ШАРА «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» өтті

ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ ІС-ШАРА «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» өтті
      Қараша айының 6-шы жұлдызында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ –де Жалпыреспубликалық бірыңғай іс-шара «Адалдық сағаттары» болып өтті.
      «Жемқорлық мемлекеттің орнықты дамуына, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Жемқорлықпен күрес ымырасыз жүруі тиіс және бұл тек Үкіметтің ғана емес, әрбір адамның міндетіне, керек десеңіз парызына айналуы тиіс» деп Қазақстан Республикасының Президенті айтып өткендей, «Адалдық сағаты» - «Адал, әділ, сенімді жастар – саналы, жемқорлықсыз болашақтың кепілі» деген ұранмен бастау алды. Арнайы келген қонақтар Жарма ауданы әкімінің орынбасары Ибраев Айдар Маратұлы, «NUROTAN» партиясының өкілі, мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Садыкова Жанна Турсынбековна, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының Жарма ауданындағы филиалының директоры, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Мухаев Дастан Бекқазыұлы да шараның ортасында болды.
      Мектебіміздің «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі, тарих пәні мұғалімі Сапаш Ернат Тыныбекұлы «Адалдық сағатының» мақсаттары мен міндеттерін түсіндіре отырып, жастар алдына қойылатын талап- тілектердің жетекші рөлі- «Ұлы Дала» ұлыларының 4 негізгі құндылықтарына баса назар аударды.
      Мектеп психологі Аяулым Жеңісқызы Фазымова оқушылармен тренинг өткізсе, өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі Индира Таваккул- қызы Тагиева жалпы адамзаттық құндылықтарда тоқталып кетті. Жарма ауданы әкімінің орынбасары Ибраев Айдар Маратұлы өз сөзінде жас жеткіншектерді жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті болуға, мемлекеттің, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге деген қызығушылықтарын арттыруға, әлем мойындаған мемлекет жасау жолында болашақта бірлескен жұмысқа шақырды.