Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғандығының 25 жылдығы аталып өтті. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғандығының 25 жылдығы аталып өтті.
18
ноябрь
2019

Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғандығының 25 жылдығы аталып өтті.


Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғандығының 25 жылдығы аталып өтті.

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де аталмыш іс-шараларды атап өту барысында жоспар жасалып,  бірқатар іс атқарылды.               «Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ» атты тәрбие сағаттарымен бастау алған онкүндікте  әр сыныптарда  бала құқығы, бақытты балалық шақ, отбасы мен бала арасындағы қарым-қатынастар, қоғамдағы шиеленісті шақтардан шығу жолдары  жіті қарастырылып, әңгіме, суретті, видеокөрсетілім, презентациялар мен   сұрақ-жауаптар арқылы балалардың көзқарастары тыңдалды. 9 «А» (сынып жетекшісі Базанов Н.Е), 3 «А» (сынып жетекшісі), 6 «В» (сынып жетекшісі Н.К.Таңатарова) сыныптарында ашық тәрбие сағаттары жоғары деңгейде өтті. 5-11 сыныптың оқушылары онлайн режімінде ұйымдастырылған «Қазақстандағы балалардың әл-қуаты» бойынша республикалық деңгейдегі сауалнамаға бір кісідей қатысып, өз пікірлерін білдірді. 

Мектеп психологтері И.Т.Тагиева, А.Ж.Фазымовалар «Секреты воспитания детей без насилия» орыс сыныптарының ата-аналарымен өткізген қихаятты квэст-ойыны әр қайсысының  ойына ой салатындай өзінің маңыздылығымен есте қалса, «Мы не похожи» 11 сыныптарға арналған тимбилдинг  мектеп бітіруші түлектердің болашаққа бастар жарқын жолдарының тың бастамасының негізі болды десек қателеспейміз. 

Қарашаның 14 жұлдызында кәмілеттік жасқа толмағандар ісі-жөніндегі инспекторы, полиция лейтенанты Р.Муратов, мектеп инспекторы А.Акатовтың қатысуымен 8-11 сынып оқушыларымен «Қатыгезсіздік және зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында  әңгіме-сұқбат өткізілді.  Тақырыпқа сай видеокөрсетілімдер  оқушылардың акция маңызын тереңірек түсінуге жол берді.

Би жетекшісі Қ.М.Имбаеваның 6-7 сыныптармен «Бақытты балалық шақ» атты флешмобында  балалардың   белсенділігі, «Біз бақытты болуға лайықтымыз!» деген ұрандары ойландырмай қоймады. 

Сонымен қатар, мектебіміздегі  қолайсыз отбасылардың,  АІІБ-де есепте тұрған оқушылардың үйлері араланып, қазіргі таңдағы балалардың тәрбиелену орталары зерттелді. 

Түнгі уақыттағы балалрдың көшеде бейсауат жүруі мен қаңғыбастықтың алдын алу мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» рейді ұйымдастырылып,  түнгі сауықтыру орындары, компьютерлік орталықтар, саябақтарға   барып, сынып жетекшілер, еріктілердің жұмысы жүргізілді.