Тұңғыш Президент күніне балалар бірыңғай республикалық «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылданды » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тұңғыш Президент күніне балалар бірыңғай республикалық «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылданды
27
ноябрь
2019

Тұңғыш Президент күніне балалар бірыңғай республикалық «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылданды

Тұңғыш Президент күніне балалар бірыңғай республикалық  «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылданды


27 қараша Тұңғыш Президент күніне орай «Маяковкий атындағы орта мектебі» КММ-нің оқушыларын республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау - салтанатты ант қабылдау рәсімі болып өтті.

Еліміздің әнұранымен бастау алған мерекелік іс-шараның құрметті қонағы ретінде мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ж.Т.Садыкова, мектептің ардагер ұстаздары, 8-11 сыныптарының оқу озаттары шақырылды. Мектеп директорының міндетін атқарушы И.С.Сагимбаев салтанатты ашылымның алғы сөзін алып, балаларды  құттықтады.

Шарада «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы Ә.Оразғалиев  ортаға шығып, рапорт беріп, ұландардың туы енгізілді. 

5 сынып оқушысы Н.Назымбеков ұландар мен қырандарға ант мәтінін оқып, оқушылар ант қабылдады.

Құттықтау сөз алған  Ж.Т.Садыкова, ардагер ұстаздар  балаларға сәттілік тілеп, оқуда озат болуға шақырып, ақ тілектерін білдірсе, Елбасы туралы тақпақтарын көпшілікке тарту еткен бүлдіршіндердің  қуаныштарында шек болмады.

Шара соңында  6 сынып оқушысы Еркинбекова Зарина «Байтақ елім» әнімен ортаға шықса, «Айналайын» қыздар хорының орындауындағы «Қазақстан әні» баршаға көтеріңкі көңіл силады.