«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын-алу және жыныстық тәрбие» атты біркүндік болып өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын-алу және жыныстық тәрбие» атты біркүндік болып өтті
27
ноябрь
2019

«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын-алу және жыныстық тәрбие» атты біркүндік болып өтті

«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын-алу және жыныстық тәрбие» атты  біркүндік болып өтті.


2019 жылдың 27 қарашасында мектебімізде «Кәмілетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбы бойынша Біріңғай күні өткізілді. 

Оқушылар арасында гигиеналық білім мен дағдыларды қалыптастыру, оқушылар мен ата-аналарды ерте жүктілікпен байланысты қауіптермен таныстыру және жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізілген іс –шаралар мектеп психологтері, мектеп медбикесі және сынып жетекшілердің бірлескен жұмысын көрсетті. 

Атап өтсек, Жарма аудандық орталық аурухана жүктіліктің алдын алу бойынша  консультация бөлімінің және гинеколог дәрігердің қатысуымен болған 8-11 сыныптың қыздары арасында өткен «Ерте жыныстық қатынастар және оның қауіптілігі» тақырыбында өткізген дәрістері, «Қызды қырық үйден тыю», «Жасөспірім қыз-бойжеткен»  тақырыптарында талқылауға салынған  7-11 сыныптардағы ата-аналар жиналыстары, жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және құрбандарын анықтау бойынша 9-11 сыныптардың қыздарымен өткізілген анонимді сауалнамалары болды. Ата-аналар жиналыстарында мектеп психологтері И.Т.Тагиева мен А.Ж.Фазымовалардың алдын-ала дайындалған  сұрақтары мен тапсырмалары ешкімді бей-жай қалдырмады. 

Алдағы уақытта да жоғарыдағы аталған мәселелер бойынша  жұмыс түрлері жалғасын таба береді.