«Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» бірыңғай тәрбие сағаттары өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» бірыңғай тәрбие сағаттары өтті
29
ноябрь
2019

«Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» бірыңғай тәрбие сағаттары өтті

29 қараша күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де Тұңғыш Президентке арналған салтанатты тізіліс өткізіліп, директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары А.А.Траиспаева ұстаздар мен оқушыларды құттықтап сөз сөйледі. Атаулы күнге орай, Елбасымыздың ерен еңбектерінен үзінді сөздер оқылып, әндер арналды. Тізіліс соңы 1-11 сыныптарда Елбасы Көшбасшылығының сабақтарымен жалғасын тапты.

Сабақтың мақсаты: білім алушыларда Ұлт Көшбасшысының Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру; білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу болды. 

9-11 сыныптардың біріктірілген «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» (өткізген сынып жетекші Омарова У.Ж)  тәрбие сағатына Ауғанстан соғысының ардагері Траиспаев Н.Ш арнайы қонақ ретінде шақырылып, құттықтау сөз сөйледі.

Тәрбие сағаттарында Елбасы туралы алғы сөз, «Балалық шағымның аспаны» (режиссер- Ш.Айманов)   үзінділер көрсетіліп, әндер айтылса, жекелеме оқушылар Елбасына арнап өз арнауларын оқыды. 

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» «Елім деп соққан жүрегі» т.б тақырыптарында дайындалып көрсетілген презентациялардың орны ерекше болды. «Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы» деп аталатын шағын викторина өткізілді.