8-10 сынып оқушылары арасында аудандық «Тілдарын» байқауы өтті. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 8-10 сынып оқушылары арасында аудандық «Тілдарын» байқауы өтті.
26
ноябрь
2019

8-10 сынып оқушылары арасында аудандық «Тілдарын» байқауы өтті.

Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2019 жылдың 26 қарашасында Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясында  8-10 сынып оқушылары арасында аудандық «Тілдарын» байқауы өтті. 

Мақсаты мен міндеттері:

-үш тілді-қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау;

-тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу;

-қазақстандық патриотизмды нығайту;

Байқау ІІ кезеңнен тұрды. Тапсырмаларды үздік орындаған, тілдерді меңгеру деңгейі, жазу сауаттылығы, жауаптарының мазмұндылығы, мәтінді 3 тілге еркін аудару қабілеті  бар оқушылар аудан білім бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды.

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ 8-сынып оқушысы Тимурұлы Дарын ІІ орын алды. Білімді ұрпақ –еліміздің кемел болашағы.Бұл байқау білімді ұрпақ тәрбиелеудегі ұстаздар еңбегінің зор екендігінің, жаңа бастамалардың аудан мектептерінде жалғасын тауып келе жатқанының кепілі.