«Жас маман мектебі» » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
декабрь
2019

«Жас маман мектебі»

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де жас ұстаздарды қолдау және дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында ұзақ жылдар бойы «Жас маман мектебі» жұмыс жасайды.

Жас  мамандармен жұмыс отырысының кезекті жиналысын 2019 жылы желтоқсан айының 10-күні мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.А. Траиспаева өткізді.  Отырыс барысында мектеп психологы Тагиева И.Т жағымды көңіл-күй қалыптастыру үшін жас мамандармен  психологиялық тренинг өткізді. Жас мамандарды ортаға шақырып, оларға грек жаңғағын таңдата отырып, әр жас маманның өзінің ерекшелігі және қабылеті бар екендігін түсіндірді. Соңында «Бес саусақ» әдісін қолдана отырып барлық адамдардың бойында бар жақсы қасиетін жаздырды. Бұл кезде ортада жағымды көңіл- күй орнап, жас мамандардың өзіне деген сенімділігі артты. 

Тәлімгер ұстаз Кошербаева Ж.Ж сөз кезегін алып жастарға өзің ұзақ жылдық іс –тәжірибесімен бөлісіп және оны дамыту жолдарын түсіндірді. Содан кейін Тажиева А.С сабақ барысында өзі қолданатын жаңа технологияларды таныстырып. Quizlet.com, Kahoot, Zipqrade/Plickers, Triventy, Arzamas, Worksheets- программамаларын жастарға көрсетіп, сабақ барысында олармен қалай жұмыс жасауға болатындығын үйретті. 

Отырыстың соңында жас мамандар оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, сабақты түрлендіре өткізу,оқушылардың өздігінен білім алу дағдыларын жетілдіруді жолға қою керектігін түсінді.