16 Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шаралар ақпараты. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 16 Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шаралар ақпараты.
13
декабрь
2019

16 Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шаралар ақпараты.


Қазіргі таңда Тәуелсіздік-барлығымыз үшін ерекше қасиетті, бірліктің, ынтымақтастықтың пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі- ең алдымен халқымыздың бақыты.  

Желтоқсан айының 12-14 аралығында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де  Ел Тәуелсіздігінің 28 жыл толуына орай мерекелік іс-шаралар жоспары жасалынып, жоспарға сай жұмыстар атқарылды. 

«Менің Қазақстаным-менің болашағым» атты салтанатты тізілістен бастау алған мерекеде мектеп директорының оқу ісі-жөніндегі орынбасары С.С.Мурсалимова сөз сөйлеп, ұжымды, оқушыларды елеулі еңбек пен қажырлылықтың арқасында келген, қуанышы мен мұңы бірге жүретін- Тәуелсіздіктің торқалы тойымен құттықтады.

 «Тәуелсіз елім-ұлы өлкем», «Желтоқсан –тәуелсіздік таңның бастамасы» атты тарихи-тағлымды тәрбие сағаттары  1-11 сыныптарда өтіп, тәрбие сағаттарында  тәуелсіздіктің тарихы оқушыларға жете түсіндіріліп, жоғары сыныптарда   оқушылардың тың ойлары тыңдалса, кей сыныптарда тамаша әндер орындалып, арнаулар оқылып жатты. «Тәуелсіздік-Мәңгілік ел мұраты» атты даярлық топтарының ата-аналарымен бірге дайындаған көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, мектеп кітапханашыларының тарапынан 2-4 сынып оқушыларына арналып «Біз-тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты ертеңгілікке оқушылар зор ықыласпен, қызығушылықпен қатысты. 12-14 желтоқсан күндері аралығында қойлған «Егеменді елдігім- Тәуелсіздік теңдігім» атты кітап көрмесі де жас оқырмандарымыздың назарынан тыс қалмады. Сонымен қатар, мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің 3 сынып оқушыларымен  «Біз- тәуелсіз ел ұрпағымыз!» атты «Көңілді старт» спорттық ойыны   оқушыларды бірлікке, ұйымшылдық пен жеңіске жетелесе, көпшіліктің  зор ықыласына бөленген «Мәңгілік елім- Тәуелсіздік теңдігім» атты мерекелік салтанттың шымылдығын жапқан  оқушылардың бірлесіп дайындаған концертінің   иісі қазақ елінің  самалдатып соққан желі мен ырғақтата орындаған әндері – мен қазақпын дейтін ұрпақтың ұраны болғанын айта кеткен абзал. 

Мен қазақпын, мен тәуелсіз елдің ұрпағымын деп ұрандатқан –Тәуелсіздік тойы құтты болсын демекпіз!