Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
08
январь
2020

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

    2020 жылдың 4-7 қаңтары аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді. Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, республикалық, халықаралық конкурстарға қатысу үшін іріктеу, дайындау. Біздің мектептен 6 оқушы қатысты, нәтижесінде 5 жүлделі орынға ие болды. Олар: Булатов Ерболат ( Қазақстан тарихы, 2 орын, жетекші Аканова Ж.С.), Мацевич Анастасия ( қазақ тілі, 3 орын, жетекші Аяпбергенова М.А.), Рауаянова Еркежан ( математика, 3 орын, жетекші Әділғазықызы Анар), Каирбева Лимара ( физика, 3 орын, жетекші Тажиева А.С,), Жангазина Айым ( биология, 3 орын, жетекші Ахметкаримова А.С.) Оқушыларды және олардың жетекшілерін жүлделі орындармен құттықтаймыз!