Өрт сөндіру бөлімінде Ашық есік күні өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Өрт сөндіру бөлімінде Ашық есік күні өтті
14
январь
2020

Өрт сөндіру бөлімінде Ашық есік күні өтті

2020 жылдың  14 қаңтар күні Қалбатау ауылында Жарма ауданының Өрт сөндіру басқармасында ашық есік күні болып өтті. Бұл шараға «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің 5 А 4-взвод Жас Сарбаз сыныбы және сыныптың офицер-тәрбиешісі Сәрсембай Жарас Серікқанұлы  қатысты.          

Жарма ауданының Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, лейтенант Имашев Азамат Тлеугазыұлы: Өрт сөндіру техникасының негізін өрт сөндіру машиналарымен (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы), өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары, т.б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары мен  қауіпсіздік  шараларын, жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шүлық, ерекше құрамдар сіңірілген киімдер, сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағын және әскери қорғаныш жиынтығымен (қорғаныш плащ, шулық, колғап) таныстырды. Жас сарбаздар қызығушылықпен тыңдап, өздеріне керекті мағлұматтарды алды.