«Риясыз көмек» еріктелер апталығы » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Риясыз көмек» еріктелер апталығы
16
январь
2020

«Риясыз көмек» еріктелер апталығы

Ерік­тілер – жақсылық жасауға жаралған жандар. Еріктілер қызметі – мұқтаж адамдарға риясыз көмек, қалтқысыз қолдау көрсетуге бағытталған адам қызметінің ерекше үлгісі». Осы орай­да  қамқорлыққа, мейірімге мұқтаж адам­дардың жүрегін жылы­тып, өмірді жақ­сылықпен нұрлан­дыруға негізделген және 2020  «Еріктілер жылының» басталуына орай  «Шыншыл жүрек» еріктілер клубының   ұйымдастыруымен «Риясыз көмек» апталығы өтті. Апталық  13.01 дүйсенбі «Ерікті болу – абыройлы іс» тақырыптық тізілісінен басталды. Апталық аясында «Мен еріктімін!» семинар – тренинг, қарттарға көмек көрсету мақсатында «Қарттар-біздің асыл қазынамыз» көмек көрсету акциясы, оқушылар мен педагогтардың қатысуымен «Жақсылық жасауға асығыңыз» тренингі, жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Әлемде мейірімділік бар ма?» дебаты өтті. Апталықтың  соңында «Әлемді құтқаратын – мейірімділік!»  концерті болды. Концертке  қамқоршылық кеңесінің төрайымы Садыкова ЖаннаТұрсынбековна, қамқоршылық кеңесінің мүшелері Қантарбай Бүркіт пен Бөпенова Назым Өсергалиевна, ата – аналар және мектеп оқушылары қатысты. «Шыншыл жүрек» еріктілер клубының белсенділері мектеп әкімшілігінің мадақтамасымен  марапатталды.