«Мен ОFFLINE» » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
январь
2020

«Мен ОFFLINE»

Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен ОFFLINE»  

республикалық кең ауқымды балалар акциясы өтті.


«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де «Мен ОFFLINE»   республикалық кең ауқымды балалар акциясы өткізілді. 

Акцияның мақсаты- интернетке тәуелділіктің алдын алу, интернет қызметтерді дұрыс пайдалану, интернет –пайдалану мәдениетін арттыру болып табылғандықтан,  мектеп директоры Садыкова Н.М акцияның маңыздылығын оқушылар алдында  айтып өтіп, бір кісідей қатысуға шақырды. 

Жасалған жоспар негізінде оқушылар, олардың ата-аналары, ұстаздардың бірлескен түрдегі жұмысы акцияның маңыздылығын аша түсті. Атап өтсек, 1-4 сынып оқушылары өздерінің «Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?» деген тақырыпта салынған суреттерінде өз ойларын тамаша жеткізсе, «Қызықты кітаптар айтысы» атты кітап оқырмандарының сайысында  әр оқушы бос уақытындағы кітаптың маңыздылығын ортаға салды, 6,8-10 сыныптардың «Мен және компьютер», «Мен ОFFLINE »   тақырыптарында жазған эсселерінде тиімді және тиімсіз интернет туралы ішкі ойларын қағаз бетіне түсірген. 5 сыныптар   интернетсіз күндерін ұжым болып суретті-газет етіп шығарса, 7 сынып оқушылары болса өздерінің бос уақыттарын   интернетке емес, тартысты ойынға алмастырды. Сонымен қатар, ата-аналарға интернеттің тиімсіз жақтарын жария ететін видеотүсірілімдер Whats App желісінде жіберілді. 

Болашақ дені сау ұрпақ қолында десек, балаларымыздың тәуелділіктің құрсауынан бос   бағыт-бағдар аясында өмір сүруге үйрету-біздің басты міндетіміз деп білеміз.