Ата – аналар курсы » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2020

Ата – аналар курсы

2019 жылдың  20 желтоқсаны мен  2020 жылдың   1 ақпан аралығында   педагог-психолог Фазымова А.Ж. жетекшілігімен ата-аналарға арналған «Саналы ата – ана» курсы өткізілді. Ата – аналар кездесуінде: А. Адлердің психологиялық теориясы, өмір стильі, тәрбиелеу принциптері және тиесілік сезімі туралы  ата – аналармен шағын-дәрістер, пікірталас, дискуссия және  тренингтер  өткізіліп, практикалық жаттығулар орындалды. Сондай – ақ курс барысында ата – аналар   баланы тәрбиелеудің негізгі ұғымдары мен жолдарын және принциптерімен танысты. Курс соңында ата – аналар баланың мінез – құлқындағы қате әдістерден шығу жолдары, тәрбиелеу әдістерінің отбасы мен баланың мінез – құлқына әсері және бала  сөйлескісі келетіндей тыңдау тәсілдері мен эмпатикалық тыңдауды меңгерді. Ата-аналар тобын  жүргізу отбасындағы қарым-қатынасты шынымен түбегейлі өзгерте алады, бұл балалар мен ата-аналарды бақытты етеді.