2019-2020 оқу жылының І-інші жарты жылдық бойынша атқарылған жұмыс есебі » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2019-2020 оқу жылының І-інші жарты жылдық бойынша атқарылған жұмыс есебі
07
февраль
2020

2019-2020 оқу жылының І-інші жарты жылдық бойынша атқарылған жұмыс есебі

Жарма аудандық білім бөлімі басшысы Қ.Р.Шаймуратовтың  қатысуымен педагогикалық ұжым мүшелерімен жиналыс болып өтті.

Ақпан айының 7-інші жұлдызында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің педагогикалық ұжымы мүшелерімен жиналыс  болып өтті. Жиналысқа арнайы келген білім бөлімі басшысы Қ.Р.Шаймуратов мектептің 2019-2020 оқу жылының І-інші жарты жылдық бойынша атқарылған жұмысымен және қызметкерлердің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Мектеп директоры Н.М.Садыкова күн тәртібіндегі қойылған бірінші мәселе бойынша мектепте атқарылған жұмыстар есебіне толықтай тоқталып, қол жеткізген жетістіктер мен қоса мақсатқа жету жолындағы бірқатар кемшіліктерді де атап өтті. Сонымен қатар, пилоттық жобалар бойынша жүргізілген жұмыстарға толыққанды есеп берді. 

«Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңдамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен талықтырулар енгізу туралы» ҚР 2019 жылғы «27» желтоқсанындағы ҚР Заңдарын іске асыру мақсатындағы қабылданатын құқықтық актілердің тізбесі туралы өз сөзінде ауданымыздың білім басшысы Қ.Р.Шаймуратов ұстаздардың алдағы уақыттағы жұмыстарына бағыт-бағдар берумен қатар, болашақ ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбиесінде  - ұстаздардың алатын орнын ерекше екенін атап өтті. Өз кезегінде басшыға ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарының жауаптары әріптестеріміздің  ойларынан шығып, қанағаттанырып жатты.