1 наурыз - Алғыс айту күні » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
февраль
2020

1 наурыз - Алғыс айту күні

«Ризашылық-мейірімділік

бұлағы»  1 наурыз - Алғыс айту күні

Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні.

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Осыған орай, ақпан айының 21-ші жұлдызынан бастау алған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» атты 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған  іс-шараларды насихаттау мақсатында тізіліс өткізіліп, тізілісте мектеп директоры Н.М.Садыкова өзінің алғы сөзі ретінде мерекенің маңыздылығы айтып өтіп, барлық ұжым мүшелерін мерекемен құттықтап, оқушыларды осы күнге жұмылып жұмыс жасауға шақырды. Жыл бойы үздіксіз жүретін «Қамқорлық» акциясы негізінде жалғызбасты адамдарға, соғыс,еңбек ардагерлеріне көмек қолын ұсыну өз жалғасын табуда. Сыныптарда әртүрлі бағыттағы «Өмірге риза болып, алғыс айт!», «Алғыс айту парызым» атты тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушылардың ойлары ортаға салынса, «Мен алғыс айтамын!», «Әлемге алғыс», «Мейірімді жүрек-жылы тілек», «Қазақ халқына алғысымыз шексіз»  тақырыптарында жекелеме іс-шаралар (мекемелерге бару (аурухана, ауылдық округ, көшедегі жаяу жүргіншілер т.б) мен қабырға газеттері шығарылса, мектептің би жетекшісі Қ.М.Имбаева «Мен алғыс айтамын!» атты екі ауысым балаларымен флешмоб ұйымдастырды. 

Қазақтың құшақ жая қарсы алар қонақжайлылығы - бүгінгі ұрпаққа аманат. Айтар алғысымыз азаймасын демкпіз!