1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні
30
апрель
2020

1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні- жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің 1 – 11 сыныптарында  1 Мамыр халықтар бірлігі күніне орай тәрбие сағаттары өтуде. 

Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 

1 мамыр құтты болсын!