Оқушыларымыздың Отанға деген сүйіпеншіліктері арта түсті... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқушыларымыздың Отанға деген сүйіпеншіліктері арта түсті...
08
май
2020

Оқушыларымыздың Отанға деген сүйіпеншіліктері арта түсті...

Оқушыларымыздың Отанға деген сүйіпеншіліктері арта түсті...

 9 мамыр - 5 жылға созылған Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қыршын боздақтарымыз Отан үшін өмірін қиып, соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.

Биыл міне, сол жеңіске де 75 жыл. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата - бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады. Осыған орай 6 мамыр күні  «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің мектеп оқушыларымен «Жеңіс Күні.Мәңгі есімізде .....» атты біріңғай қашықтан сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты: оқушы бойында патриотизмді қалыптастыру, ұлттық бірегейлікке,  ардагерлердің ерліктері мысалында мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу, Отан қорғауға дайындық, Отан алдындағы жауапкершілік пен борыш сезімдерін ояту болды. 

Сынып сағаттарында оқушылар өз аталары мен апаларының ерліктері жайлы әңгіме-естеліктер, арнаулары мен жыр шашуларын ортаға салып, мектеп болып «Мәңгілік полк» шеруін де назардан тыс қалдырмады. Соғыстан оралмаған  батырлар рухына  1 минуттық үнсіздік жариялап, майданда  қаза болғандарды еске алды. Сынып сағаттарының соңы- әуендете салған  жеңіс әндерімен аяталып жатты.... 

 Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу, ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отыру - біздердің парызымыз! Ендеше, ерліктер ешқашан да ұмытылмақ емес, жеңіс туы көк аспанда желбірей түссін демекпіз!