Аудандық «Жеңіс хаты» шығармалар байқауының жеңімпаздары анықталды » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Аудандық «Жеңіс хаты» шығармалар байқауының жеңімпаздары анықталды
09
май
2020

Аудандық «Жеңіс хаты» шығармалар байқауының жеңімпаздары анықталды

«Жеңіс хаты» аудандық қашықтан өткен шығармашылық байқауы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, ар мен намыстың ту етіп, батырлар рухына тағзым еткен Қазақстандықтардың ерен ерліктерін бағалай білу, жас ұрпақ бойына Отанға деген сүіспеншілігін арттыра отырып, азаматтыққа және әскери патриоттық рухта тәрбиелеу   мақсатында ұйымдастырылғаннан кейін «Маякововский атындағы орта мектебі» КММ-нің оқушылары зор құлшыныспен сайысқа бел буа кіріскен болатын. Орта буын оқушыларының арасында өткізілген сайыс   бүгінде өз мәресіне жетіп, жеңімпаздарымыз да  анықталды.  Жүлделі бірінші орындарды орыс тіліндегі шығармасымен 6 сынып оқушысы Бексултанов Ахмет (жетекшісі Кабдуалиева Г.К) және ағылшын тіліндегі шығармасымен «Жас Сарбаз» 8 сынып оқушысы Тимурұлы Дарын (жетекшісі Утепбаева Ж.А) иеленді. Оқушыларымызға және жетекшілеріне алған жүлделері құтты болсын, жарайсыңдар дегіміз келеді!