Әуендерің асқақтай берсін.... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
май
2020

Әуендерің асқақтай берсін....

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңістің жұлдызды марафоны» әндер мен өлеңдердің облыстық қашықтық әскери-патриоттық фестиваліне «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің әнші саңылақтары үміткер болып, өздерінің орындауларындағы әндерін қатыстырған болатын. 

Жеңістің туын желбіреткен ата-бабалар рухына арналып асқақатата орындалған орыс және қазақ тілдеріндегі әндері әр орындаушының жүректерінен орын тауып, өз ризашылықтарын  ән шумақтарын жеткізе білді. 

«Жеңістің жұлдызды марафоны» әндер мен өлеңдердің әскери-патриоттық фестивалінің қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққан  мектебіміздің 2 сынып оқушылары (музыкалық жетекшісі Абильмажинов Н.Т) Таширяева Томирис І орын, Курманова Толғанай ІІ орын, Мухамеджанова Анель ІІІ орындарды иеленсе, орта буын орындаушыларының арасынан топ жарып 6 сынып оқушысы Еркимбекова Зарина (жетекшісі Аксакова Б.М) жүлделі І орыны қанжығасына байлады. Ал Қ.Бегмановтың «Соғыстың соңғы көктемі» атты шығармасын мәнерлеп оқудан «Жас Сарбаз» 5 сынып оқушысы Бекбосын Аружанды (жетекшісі Көшербаева Ж.Ж) жүлделі ІІ орынымен және «Жеңіске арнау» өзінің шығармасын  орындауымен   сайысқа түскен 11 сынып оқушысы Джаканова Жанельді (жетекшісі Серікқазы Д.Н) жүлделі ІІІ орынымен құттықтағымыз келеді. 

Жеңістің қуанышына өз үлестерін қосып, батырлар рухына бас иіп орындаған   әндерің асқақтай берсін, біз сендерді мақтан тұтамыз мектебіміздің жас жұлдыздары демекпіз.