Сәт сапар, саған Жас Түлек-2020 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
июнь
2020

Сәт сапар, саған Жас Түлек-2020

3 маусым күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ –де 2019-2020 оқу жылында 11 сыныпты бітірген оқушылардың жалпы орта мектепті бітіргендігі туралы аттестат алу  салтанатты іс-шарасы болып өтті. Мерекенің алғы сөзін алған мектеп директоры Н.М.Садыкова  мектеп бітірушілерді құттықтап, алдағы өмірлеріне сәттілік  тіледі.  

Іс-шараға арнайы келген  «Нұр Отан» партиясы Жарма аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Б.Ж. Оразгалиев  түлектерге  құттықтау сөз, жылы лебізін білдіре отырып,  «Алтын белгі», «Үздік» аттестат иегерлеріне (Сейткамалова М, Самалхан Н, Джаканова Ж, Жумагали Л, Айтказина Д, Муратбеков С, Сыдық А)  мемлекеттік құжаттарын табыстады. Сонымен қатар, мектеп басшысының атынан оқушыларға жеке пәндер бойынша марапаттаулары табысталып,түлектер қуаныштары толыға түсті. 

Бастауыш білім негізін қалаттырған   ұстаздары және жоғарғы сынып жетекшілері   толғаныстарын  сөзбен жеткізіп, үлкен өмірдің кілті іспеттес болатын құжаттарын қолдарына алған оқушыларына ақ жол, талмас қанат және сәттілік тілей отырып, алдағы сынақтан сүрінбей өтулеріне тілектестік білдірді.

Сап түзеп  салтанаттың ортасына шақырылған 46 мектеп түлектері және олардың ата-аналары   ұстаздарға деген алғыстарын білдіріп, тілектерін айтып, соңын әсем әнмен жалғастырды. 

Мектеп табалдырығынан үлкен өмірге 46 түлек жолдама алды: 46 арман, 46 үміт. Еліміздегі мыңдаған түлектердің мектеп бітіргендігін ескерсек, бүгінде ересектер қатары осыншама адамға, осыншама күшке толықты!

Қанаттарың талмасын, Жас түлек, сәт сапар дегіміз келеді!