9-11 сынып оқушылары үшін Республикалық онлайн олимпиадасы өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 9-11 сынып оқушылары үшін Республикалық онлайн олимпиадасы өткізілді
05
июнь
2020

9-11 сынып оқушылары үшін Республикалық онлайн олимпиадасы өткізілді

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 9-11 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық онлайн олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың алған білімдерін бағалау және оларды тәжірибеде қолдана білу, оқу үрдісінде алған білімдерін тереңдету және бекіту, өзін-өзі ынталандыруды арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олимпиада жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілді: математика, физика, химия, биология, география, информатика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы.
       Олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарынан қазақ және орыс тілдерінде білім алатын 9-11 сынып оқушылары, Шығыс Қазақстан облысынан олимпиадаға 8549 оқушы, оның ішінде Жарма ауданынан 502 оқушы қатысып, 103 оқушы жеңімпаз атанды. "Маяковский атындағы орта мектебі" КММ І орын 1 оқушы, ІІ орын 10 оқушы, ІІІ орын 8 оқушы ие болды.